Өткен жылы Атырауда көп қабатты тұрғын үйлердегі 14 жедел саты жаңартылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталған жедел сатылар 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы-жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. 2020 жылдан бері қалада 16 жедел саты жаңартылған.
- Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан №23, 25 және 27 тұрғын үйлерде 7, Молдағалиев көшесінде орналасқан №29 үйде 3 жедел саты ауысты. Сонымен қатар, Сатпаев көшесі №19 және Сары-Арқа ықшам ауданы №29 үйдегі 4 жедел саты ауыстырылды. Жөндеу жұмыстарын жүргізген «Лифтспецстрой» және «КарЭлектроПромЛифт» ЖШС. Сондай-ақ қала әкімінің тапсырмасымен жоғарыда аталған мердігер мекеме Сатпаев көшесі №54 көпқабатты үйде тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап аталған үйдің кіре берісіне демеушілік көмекпен заманауи электірлік пандус орнатып берді,- деді «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС бас маманы Мерей Игілік.
Оның айтуынша, аталған бағдарлама аясында биыл Атырау қаласы бойынша 6 жедел сатыны жаңарту жоспарланып отыр.