"Бұл - өмірімдегі ерекше күндердің бірі". Атыраулық блогер Абай Әміров өз дауысын берді

Танымал атыраулық блогер №8 сайлау учаскесінде дауыс берді. "Маған осындай тарихи сәтте, елмен бірге болу маңызды. Халықтың Конституцияға немесе жалпы саясатқа қызығушылығын білу де қызық болды. Бір сөзбен айтқанда бұл менің  өмірімдегі ерекше күндердің бірі. Ертемен көптеген адамдардың дауыс беру учаскелеріне ағылғанын көріп таңғалдым. Дәл бүгін дауыс беру әр қазақстандық үшін ел болашағына қосқан үлес дер едім"  деді Абай Әміров.