Бұл туралы AtyrauPress «Атырау Жарық» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Атырау Жарық» АҚ-ның баспасөз қызметі 26 маусымда электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында төмендегі көрсетілген мекен жайларда жарық сөндірілетінін ескертеді.
Сағат 09.00 - 18.00-де Боқашев көшесінде күрделі жөндеу жүргізіледі.
Ал сағат 09.00-12.00 аралығында Әбдірахманов, Еркінов, Берғалиев, Грибоедов көшелерінде;
- Сағат 09.00-18.00 «Береке» шағынауданындағы Қобыланды батыр, Уәлиханов көшелерінде;
- Сағат 10.00-17.00 С. Датов көшесіндегі №№ 29, 33, 25, 21, 23, 27, Дружба көшесі, 14, 17, 15а;
- Сағат 10.00-18.00 "Балықшы" шағынауданы Байжігітов, Бейбітшілік;
- Сағат 14.00-17.00 Доссор, Қарағанды, Майлин, Амандосов көшелерінде жөндеу жүргізуге байланысты жарық сөндіріледі.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА