Бүгін қаланың бір бөлігінде жарық сөнеді, деп хабарлайды AtyrauPress «Атырау Жарық» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау Жарық» АҚ-ның Қалалық электр жүйелері электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында жарық сөндіріледі. Атап айтқанда, сағат 14.00 – 18.00 аралығында «Алмагүл-2» шағынауданындағы 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, КНС, ПНС-"Көркем" аумағында электр жарығы өшіріледі.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА