21 Шілде, 2023 41

Бүгін Атырауда ауа сапасы нашарлайды


Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды. Соның ішінде Атырау да бар, деп хабарлайды AtyrauPress BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

21 шілдеде Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Тегтер: # Атырау # ауа сапасы