«Браконьер» іс-шарасы: 90 келіден астам балық өнімдерін заңсыз тасымалдағандар анықталды

Атырау облысы аумағында 1-29 ақпан аралығында браконьерлікті, биологиялык ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында «Браконьер» өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
"Іс-шара барысында қала аумағындағы балық және оның өнімдерін, жануардың өнімдерін заңсыз сату, сатып алу және тасымалдаудың жолын кесуге бағытталған кала көлемінде орналаскан базарларға арнайы тексеріс шаралары жүргізілді. Тексеру барысында 8 ақпан күні Атырау облысы ПД Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің кызметкерлері қала аумағындағы сауда орталығының алдынан маркасы Toyota автокөлігімен заңсыз 95,5 келі болатын балық өнімдерін тасымалдаған 2003 ж.т. және 2004 ж.т. қала тұрғындарын анықтады. Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК 389-бабы бойынша құжаттар жинақталып, тиісті шарасын алуға жергілікті атқарушы органдарға жолданды", - деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер. 
 
Атырау облысы полиция департаменті аң, балық аулау және қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік және кылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.