15 Қыркүйек, 2023 129

«Болашақ» зауыты маңында 45 рет ауа ластанған


Мақат ауданында орналасқан «НКОК» компаниясына қарасты «Болашақ» зауытының санитарлық қорғау аумағынан тыс жерде 45 рет ауаның күкіртсутегімен ластануы тіркелді. Бұл тұрғындар арасында қызу талқыға түсті. Мәселенің мән-жайын AtyrauPress тілшісі анықтап көрді.

– Зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында ауданға қарасты елдімекендер,  Қарабатан, Таскескен, Ескене станциялары, «Вест дала» ЖШС-нің қатты қалдықтар полигоны, «KPI», «JPS Investment», «Болашақ», зауыттары маңында ауадан сынама алды. Нәтижесінде ластаушы заттар рұқсат етілген шекті нормадан асып кеткені анықталды. Алда «Қазгидромет» пен «Ұлттық сараптама Орталығының» зертханаларымен тағы да сынама алу үшін хат жолданды, - дейді облыстық экология департаментінің баспасөз өкілі Эльнара Оралова.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: иллюстратив