2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы жарыста Өзбекстан мен Қазақстанның Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облысынан 170 спортшы бақ сынады.
Турдің “ең үздік боксшысы” болып Модернстрой клубының спортшысы Оразбай Бекхан танылды. Мақаттық Қанатұлы Алихан “ең үздік техникасы үшін” арнайы марапатталды.
Спортшыларды ел спортының мақтаныштары, Олимпиада ойындарының чемпиондары Бақтияр Артаев пен Серік Сапиев марапаттады.
Жарыс жеңімпаздарына арнайы кубок пен қаржылай сыйақы табыс етілді.