Б.Хаменованың соты қай күні өтетіні белгілі болды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты  тамыз айының 3-і күні ашық өтетінін мәлімдеді.
Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында сағат 9.00-де басталады.
Еске сала кетейік, 26 мамырда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға және Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты іс Атырау қаласы №2 сотының өндірісіне түсті. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Пара алу) бойынша сотқа берілген.