10 «наурыз», 2023 262

Биылдан бастап сарбаздар туып-өскен жерінде әскери борышын өтей алады


Биыл Атырау қаласы бойынша өзінің туған жерінде әскери борышын өтеу үшін шекара қызметіне 55 сарбазды әскерге жөнелту жоспарланып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Атырау қаласы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығының орынбасары – штаб бастығы Берік Омарқұл  мәлімдеді.  Оның айтуынша көктемгі әскерге шақыру науқаны басталғалы бері екі команда әскерге аттанып үлгерген.

Көктемгі әскерге шақыру кезінде әскерге жарамды 2500 ұланның ішінен 700-ге жуық сарбаз сайдың тасындай іріктеліп, Отан қорғауға жіберіледі. Атап айтқанда,  ҚР ҰҚК шекара қызметіне, Қорғаныс министрлігінің қарулы күштері қатарына, Ұлттық Ұланға және Мемлекеттік күзет қызметіне аттанады.

Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны 1 наурыздан 31 маусымға дейін жалғасады.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА.

Тегтер: # Атырау # Әскерге шақыру # Қорғаныс бөлімі