Атырау облысы бойынша биылдың 1 маусымындағы халықтың көші-қон ағыны туралы ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысына 2024 жылдың 1 маусымына дейін шет елдерден 89 отбасы, 108 адам этникалық қазақ көшіп келді. Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келгенолар қандас мәртебесін алды. Өзбекстан Республикасынан 71 отбасы 86 адам, Ресей Федерациясынан 9 отбасы, 10 адам, Қытай Халық Республикасынан 6 отбасы, 9 адам, Украинадан бір отбасы, бір адам, Тәжікстан Республикасынан бір отбасы бір адам, Туркменистан Республикасы бір отбасы бір адам көшіп келді. Олардың ішінен 78 отбасы 97 адам Атырау қаласына, 4 отбасы 4 адам Жылыой ауданына және 1 отбасы 1 адам Махамбет ауданы, 2 отбасы 2 адам Мақат ауданы, 2 отбасы 2 адам Құрманғазы ауданы, Индер ауданы 2 отбасы 2 адам қоныстанды.
Сонымен бірге, облыста қандастарды уақытша орналастыру орталығы қызмет атқарады. Қазіргі уақытта орталықта қандастар тіркелмеген. Тұрғын үй кезегінде 43 қандас тіркеуде тұр. Мансап орталықтарында 14 қандас жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. Әлеуметтік жұмыс орындары мен 1 және қоғамдық жұмыспен бір адам қамтамасыз етілді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ