Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress.
Биыл өңір бойынша жалпы саны 13 540 оқушыға арналған тоғыз мектептің – Атырау мен қала маңындағы бес мектептің және аудандардағы төрт мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Оның алғашқысы - 10 400, ал екнішсі - 3140 орынға шақталған.
Жалпы алғанда, бес мектептің құрылысына жергілікті бюджеттен қаражат тартылады, екі мектеп үшін – жеке инвесторлардың қаржысы, ал екі мектеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынады. Білім беру нысандары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынады. Қазір шарт жасасу рәсімі жүріп жатыр. Олардың құрылысы осы жазда басталады.
Айта кетейік, облыста 4 апаттық, сондай-ақ үш ауысымдық 11 мектеп бар.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА