Биыл Атырауда 700-ге жуық кәсіпкердің жобасы қаржылай қолдау тапты

Бұл туралы Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы бойынша 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Аталған бағытта 2022 жылы бюджеттен 8,0 млрд теңге бөлініп, 39 млрд теңгені құрайтын 694 кәсіпкердің жобасы қаржылай қолдау тауып, 875 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Бүгінде несиені пайыздық субсидиялау бойынша жалпы сомасы 20,5 млрд теңге болатын 526 кәсіпкердің жобасы мақұлданды. Осылайша 767 жаңа жұмыс орны құрылады. Сомасы 7 млрд теңгеге болатын 131 жоба кепілдендірілді. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 37 жобаға 106 млн теңге мемлекеттік грант берілді, деді Н.Жаңабеков.

Айта кетейік, сонымен қатар биыл  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде несие соммасы 11,5 млрд теңге құрайтын 6 жоба мақұлданды.