Биыл Атырауда 24 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жоспарланған 23956 жұмыс орнының 14374-і тұрақты. Бүгінгі күнге дейін 11501 жұмыс орыны ашылды, оның 6188-і тұрақты және 5313-і уақытша. Тұрақты жұмыс орындары бойынша құрылыста 1856, ауыл шаруашылығында 1056, білім беру саласында 380, денсаулық сақтау саласында 133, көтерме және бөлшек саудада 82, көлік тасымалында 96, өнеркәсіпте 33 және экономикалық қызметтің басқа түрлерінде 2552 адам жұмысқа орналасты. Ал, жалпы жұмыспен қамту шараларымен 7912 адам қамтылды. Оның ішінде 4124 адам тұрақты жұмыс орындарына, яғни әлеуметтік жұмыс орындарына 374, жастар практикасына 157, қоғамдық жұмыстарға 2950, алғашқы жұмыс орындарына 30 және «Күміс жас» жобасы бойынша 6 адам орналастырылды. Қысқа мерзімді оқу курстарына 61, онлайн Skiils арқылы 166 адам оқытылды және өз ісін ашу бағытында 44 адам мемлекеттік грант алды. -Жұмыспен қамту белсенді шараларының бірі – бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері. Жыл басына бері облыс бойынша 193 жұмыс берушілердің қатысуымен 18 жәрмеңке өткізілсе, оған 3013 адамды қатысып, оның 408-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмысқа орналастыру шаралары жалғасуда және барлық адамдарға кеңестер беріліп, жұмыспен қамту саласында енгізілген өзгерістермен, әлеуметтік қолдау шараларымен таныстырылды, деді А.Мамбетов. Айта кетейік, осы жылы жұмыспен қамту орталықтарына 13905 адам хабарласып, оның ішінен 7641-і жұмыспен қамтылған.