Биыл Атырау облысында 26 мыңға жуық жұмыс орны құрылды

Атырау облысында еңбек нарығын дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Биыл  Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында  25 781 жұмыс орны құрылған. Оның 15 мыңға жуығы – тұрақты, қалғаны – уақытша жұмыс орындары, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Сонымен бірге ұлттық жобалар мен даму тұжырымдамалары бойынша «Интеграциялық жұмыс орындарын құру» ақпараттық жүйесінде 82 жоба іске асып, 2 342 адам жұмыспен қамтылған.

- Жыл басынан бері 18 мыңнан астам тұрғын жұмысқа орналасты. Оның ішінде 4 мыңнан астамы – қоғамдық жұмысқа, 1 900-ден астамы – Жастар практикасына жолданды. «Күміс жас» жобасы бойынша 1 500-ге жуық егде жастағы жұмыссыз еңбекке тартылып, зейнетақы жарнасын төлеуге мүмкіндігі жасалды. Әлеуметтік осал топтар да қолдау алды. Олардың арасынан 291 адам өз ісін бастауға қайтарымсыз грантқа ие болды. Сонымен қатар биыл 7 мыңнан астам жас тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды, - деді Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов. 
Еңбек нарығының сұранысына сай 2 мыңнан астам адам “Skills Enbek” платформасы арқылы, сондай-ақ «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша онлайн оқудан өткен. Қысқа мерзімді курстарға 168 адам жіберіліп, оның 91-і оқуын аяқтап, жұмысқа орналасқан.