«Біртұтас ұлт – біртұтас әскер»

Ағымдағы жылдың 12-ші маусым күні ҰҚК Шекара қызметі Атырау  облысы бойынша департаментінің саптық алаңында «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» тақырыбында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Шекара қызметінің имиджін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шараға К.Дутбаев атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің 70-ке жуық студенті және шекарашы жеке құрам қатысты. Бұл күні шекарашылар шоғырланған қызмет орнына алғаш аялдаған білім алушылар жасылкүнқағарлардың жауынгерлік қызметінен ақпар алып, қолданыстағы қару-жарақ түрлерімен танысты. Тәрбиелік, идеологиялық жұмыстар бөлімінің мұрындық болуымен  өткен мұндай мазмұндағы кездесулер алдағы уақыттарда жалғасын таппақ.