Біреу той жасап жатса, біреу өмір үшін күресуде...

Атырауда перинаталдық орталық әкімшілігі жас аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Өңірде жаңа туған сәбиді үйіне салтанатты түрде шығарып салу бүгінде дәстүрге айналған. Бұл үшін тұрғындар аниматорлар мен музыканттарды жалдап, үлкен той жасаудан да тайынбайды. Керісінше, мұның бәрі жансақтау бөлімінде өмір үшін күресіп жатқан сәбилердің анасына моральдық зиян келтіріп, дәрігерлердің жұмысына кедергі жасауда.

«Облыстық перинаталдық орталықтан бөбектерді шығару кәдімгі ұлан-ғасыр тойға айналып кетті. Біреулер қуанып той жасап жатса, дәл сол жердегі реанимация бөлімінде басқалар өмір үшін күресіп жатады. Екіншіден, жаңа ғана босанған анаға тыныштық керек екенін де бәрі жақсы біледі. Сондықтан бұған түсіністікпен қарауға шақырамыз» деп түсіндірді орталықтың баспасөз қызметіндегілер.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ