Бір топ атыраулық облыс әкімінің Алғыс хатын иеленді

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік шарада аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 17 азамат осындай құрметке бөленді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев аймақ басшысының атынан тұрғындарды мерекемен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мерекеге зор маңыз беріп, қиын-қыстау шақта халықты небір зұлматтан сақтап қалған бірлік пен берекенің салтанатты көрінісі деп баға берді. Осы ретте, еліміздің дамуына үлкен үлесін қосып жүрген түрлі сала қызметкерлеріне, оның ішінде полицейлер мен төтенше жағдай қызметкерлеріне, дәрігерлер мен мұғалімдерге зор алғыс айтамын. Айналаға бей-жай қарамай, қоғам өміріне етене араласу – азаматтық дамудың белгісі. Бұл ретте, қоғамдық жұмыстарда белсенді еңбек етіп жүрген азаматтарға да ризашылық білдіремін» деді Ж.Орақұлы.

Сондай-ақ, ол «Тхоньиль» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Людмила Лиге Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісін тағып, тағы бірнеше азаматқа Алғыс хат табыс етті. Шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ