Атырауда жоғалып кеткен 33 жасар жігіт аман-есен табылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Обылстық полиция департаментінен білгеніміздей, ол Қызылқоға ауданы Темірбай учаскесіндегі шаруа қожалығынан табылды.
«Із-түзсіз жоғалып кеткен жас жігітті іздестіру шарасы үздіксіз Атырау қаласында да, Қызылқоға ауданында да жүргізілді. Оған қалалық полиция басқармасы мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тартылды. Нәтижесінде, қызылқоғалық полицейлер жоғалған азаматты тапты» делінген баспасөз хабарламасында.
Ол мұнда өз еркімен келгенін айтады. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері де жоқ. Айтуынша, телефонында ақау болып байланыса алмапты.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ