Берекеде жаңа емхана ашылмақ

Берекедегі отбасылық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Отбасылық емхананың жалпы аумағы 775,46 шаршы метрді құрайды. 1 қабатты ғимаратта құрылыс қарқынды. Мердігер мекеме қызметкерлерінің айтуынша, қазір ішкі әрлеу мен сыртқы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Атырау облысы құрылыс басқармасының тапсырысымен салынып жатырған бұл нысанның құрылысы 2022 жылдың наурыз айында басталды. 2023 жылдың қаңтар айында тапсыру жоспарланған.