Береке және Алмалы ауылдарына спорт алаңдары салынады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қалалық әкімдіктен білгеніміздей, қазір жоба жасақталды. Жобалаушы мекеме - «Шыңдау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс монтаждау жұмыстарына тапсырыс беруші – қалалық құрылыс бөлімі. Бүгінгі күні конкурс жарияланды. Мердігер мекеме анықталған соң тиісті жұмыстар басталады. Қалалық құрылыс бөлімінің мамандарының айтуынша, жергілікті бюджет есебінен салынатын ашық алаңда балалар ойнайтын алаң, футбол, жаттығу алаңдары, лед жарық шамдары және бейнебақылау камераларымен қамтылмақ.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ