Үш жылғ арналған бюджет жоспары таныстырылған қоғамдық кеңесте облыстық бюджетке акциздерден түсетін кіріс те талқыланды. Бұл туралы Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының басшысы Айгүл Әжіғалиева баяндады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Спикердің айтуынша, бензин және дизель отыны бағасының өзгеруіне байланысты акциздер бойынша қосымша 100 млрд теңгеден астам түсім күтіліп отыр. Бұл - Үкіметтің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №280 қаулысына сәйкес бекітілген акциз мөлшерлемелеріне байланысты.
Сонымен қатар Үкімет 2025 жылдың 16 қазанынан бастап АИ-92 және дизель отынына баға мораторийін енгізген. Дегенмен жоспарлау мақсатында жанармай бағасының ай сайын 5 теңгеге өсу ықтималдығы есепке алынды.
«Жанармай нарығындағы өзгерістер бюджет кірісіне тікелей әсер етеді. Сондықтан біз болжамды қалыптастырғанда барлық тәуекелді ескердік. 2026 жылы акциздерден 256 млрд теңге түседі деп жоспарлап отырмыз», деді Айгүл Әжіғалиева.
Серікбол Панарбердиев