Белгілі заңгер Атыраудағы аудандарды аралап, тұрғындарға құқықтық кеңес берді

AMANAT партиясының бастамасымен ұйымдастырылған «Құқықтық сауаттылық» жобасы Атырау облысынан бастау алды, деп хабарлайды AtyrauPress партияның облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндағы басты мақсат - жергілікті халықпен кездесіп, құқықтық негіздегі сұрақтарына жауап беру, заңдық кеңестер беру.

 

Аудандарға шығатын делегация құрамында заңгерлер, жергілікті атқарушы орган өкілдері, құқыққорғау саласы қызметкерлері мен партияның орталық аппараты мамандары бар.

 Елімізге белгілі заңгер, адвокат Абзал Құспанның айтуынша, бұл тың жоба халық арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға түрткі болады.

Топ аудандарда болған үш күннің ішінде  Исатай, Индер және Мақат аудандарының тұрғындарын қабылдады.

 

Жалпы саны 40-қа жуық азаматтың арыз-шағымын тыңдаған заңгерлер әрбір сұраққа нақты жауап беріп, кейбір мәселелерді сол қабылдауда-ақ шешіп беріп жатты.

  Негізінен әлеуметтік сипаттағы сұрақтардың көбі тұрғын үй қатынастары мен алимент төлеуден жалтаратын азаматтар турасында болды.