Белгілі әншілер Атырауға келіп төсбелгі тақты (+ВИДЕО)

Әншілер Заттыбек Көпбосынұлы "Сұлтан Бейбарыс", ал, Тамара Асар «Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хыйуаз Доспанова» атындағы төсбелгіге ие болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы әншілер өздерінің әлеуметтік парақшасында мәлім етті.

 «Атырау қаласында Қазақстанның Еңбек ері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Атырау облысының “Құрметті азаматы”, “Ардагерлер ұйымы” республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов ағаның  шығармашылық кеші өтті. Осы ән Мұрат Сақтайұлына арналған еді. Сол кеште Атырау елі “Сұлтан Бейбарыс” атындағы төсбелгімен марапаттап, өз құрметін көрсетті!» деп жазды З.Көпбосынұлы.

Айта кетейік, жуырда Атырау облысының аудандарында Бақтықожа Ізмұхамбетовпен кездесуге арналған салтанатты іс-шара өткен болатын. Сол кезде аты аталған эстрада жұлдыздары да өнер көрсетіп, соңынан марапатталған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ