Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Исатай ауданының Құрметті азаматы. Гүлмайдан Сүндетова референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Өнер иесі ел өміріндегі маңызды саяси науқанға бейжай қарамай, азаматтық ұстанымын білдірді. Ол дауыс беру – әрбір қазақстандықтың ел болашағына қатысты жауапты қадамы екенін атап өтті.
— Елімнің азаматы және өнер адамы ретінде өз таңдауымды жасадым. Бұл – біз үшін жауапты әрі маңызды сәт. Әрбір азамат ел тағдырына бейжай қарамай, осындай маңызды шешімдерге қатысуы керек деп ойлаймын, — деді Гүлмайдан Сүндетова.
Айта кетейік, республикалық референдум – азаматтардың ел дамуына қатысты маңызды мәселелер бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін демократиялық тетік.