«Бекіре» акциясы: мемлекетке 260 млн. теңгеден астам шығын келді

Каспий теңізі су айлағында браконьерлік әрекеттің жолын кесуге және биологиялық әртүрлілікті сақтауға бағытталған ұйымдық және практикалық іс-шаралар кешенін басталды, деп хабарлайды ATPress.kz.
«Бекіре» акциясына шекарашыларымыз белсенді қатысып жатыр. Акция басталғалы сәуір айынан бастап 17 әкімшілік-құқықбұзушылық анықталып, кінәлілер жауапқа тартылды. Бес мыңнан астам шақырымнан балық аулау құралдары тәркіленген. 124 бекіре тұқымдас және 4 мың данадан астам қара балық тәркіленіп, өзінің табиғи аумағына қайта жіберілді. Жалпы осы бір айдың ішінде мемлекетке 260 млн. 863 мың 892 теңге шығын келтірілді» дейді жағалау күзеті 3 дивизионының тәрбие-идеологиялық және кадр бөлімінің бастығы, подполковник Ринат Байытов.