Атырау облысы аумағында 10 қыркүйек пен 31 қазан аралығында «Бекіре-2023» күзгі кезең жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
" Іс-шара барысында 21 қазан күні Атырау облысы ПД Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Құрманғазы ауданы, Шарон өзені бойында «Бударка» қайығын тоқтатып, тексеру кезінде 1965 ж.т. және 1968 ж.т. аудан тұрғындарынан 18,5 кг бекіре тұқымдас балықтары, 8,5 кг кара балығын және 2 аңшылық қару тәркіледі", - делінген баспасөз хабарламасында.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 335-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі занды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.