Бекіре-2022: Құрманғазыда 2 тоннаға жуық заңсыз балық аулағандар ұсталды

Бұл туралы Атырву облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Атырау облысы полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімі мен Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның барысында Құрманғазы ауданы Шарон өзені жағасынан 1974 ж.т. және 1991 ж.т. аудан тұрғындарының басқаруындағы 2 қайығы тоқтатылып, тексеру кезінде 1 тонна 400 кг қара балығы (сазан,көксерке) тәркіленді. Аталған дерек бойынша Құрманғазы ауданының Полиция бөлімімен ҚҚ-тің 335 –бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ, Құрманғазы аудаы Шора өзені жағасынан 1988 ж.т. және 1989 ж.т. аудан тұрғындарының басқаруындағы қайығы тоқтатылып, тексеру кезінде 300 кг қара балығы (сазан, көксерке, құты қара) тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Құрманғазы ауданының Полиция бөлімімен ҚҚ-тің 335 –бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.