"Бекіре-2022" іс-шарасы аясында балық аулау ережесін бұзған 74 факті тіркелді

Атырау облысы аумағында ағымдағы жылдың 10 қыркүйек пен 31 қазан аралығында «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңі өткізілуде.

Аталған іс-шарада жергілікті полиция, тергеу, криминалдық басқармаларымен және балық қорына қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімдері жұмыс жасауда. Іс-шараны өткізу барысында заң бұзушылықтар анықталып, заңды шешімдерді уақытылы қабылдау бақылауға алынды.


Іс-шараның 10 күнімен заңсыз балық қорының айналымымен байланысты 77 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 74 факті балық аулау ережелерін бұзумен, 3 заңсыз балық және балық өнімдерін тасымалдау және әкету фактілерімен анықталып отыр.


Барлығы 77 құқық бұзушы ұсталып, олардан 199 кг балық, оның ішінде 74 балық аулау тәркіленді.
Әкімшілік түрде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383 бабымен (Балық аулау қағидаларын бұзу) жауапкершілікке - 74 адам тартылды, оның ішінде 1 тұлғаға қатысты жинақталған құжат сотқа жолданды.


Сонымен қатар, Атырау облыстық Жайық-Каспий облыс аралық балық шаруашылығы инспекциясына заңсыз қара балықты және оның өнімдерін тасымалдау және әкету бойынша 3 құжат жолданып, олардан 4 адам (ҚР ӘҚБтК-нің 389 бабымен Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


«Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңі жалғасып жатыр.