Бейітке барған атыраулық жоқ болып кеткен...
11 күн бұрын жоғалған адам әлі іздестірілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жылыой аудандық полиция бөлімі мәлім еткендей, 9 қаңтар күні 1985 жылы туған Жылыой ауданының азаматы белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін үйіне оралмаған. Іс-түссіз жоғалған адам 9 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында “коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім” деп анасына хабарласқан. Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімі Төтенже жағдайлар қызметі және Әкімшілік қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: иллюстрация