Бас бапкер Виталий Жуковский «Атырау» футбол клубымен келісімшартын ұзартты

Бас бапкер Виталий Леонидович Жуковский «Атырау» футбол клубымен келісімшартын  ұзартты.

"ЖУКОВСКИЙ БІЗБЕН БІРГЕ!

Бас бапкеріміз Виталий Леонидович Жуковский «Атырау» футбол клубымен келісімшартын ұзартты.
Клуб директоры Қуандық Калбаевич Минск қаласына іс-сапармен барып, бас бапкермен келіссөздер жүргізді. Кездесу нәтижесінде тараптар алдағы маусымды бірге бастауға келісімге келді.

Естеріңізге сала кетсек, беларусьтік маман команда тізгінін 2022 жылғы маусым ортасында қолына алып, 2024 жылы «Атырауды» Қазақстан Кубогының финалына шығарды. Ал өткен маусымда командаға қайта оралып, клубтың Премьер-лигадағы орынын сақтап қалуына зор үлес қосты. Алға, Атырау!", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.