Бақытгүл Хаменова күтпеген мәлімдеме жасады

"Ірі мөлшерде пара алды" деген айыппен істі болып жатқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді" деп хабарлайды ATPress.kz

Бұл туралы Бақытгүл Хаменова сот барысында айтты.

Ал, Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев "мен делдалдық қызмет қана атқардым" деп мәлімдеді.

" Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамов пара бергенін мойындады.

Еске сала кетелік, Атырау қалалық N2 сотында " ірі көлемде пара алды" деген айыппен Бақытгүл Хаменованың, Ақылбек Рысқалиевтың ісі қаралып жатыр.