Балық тұншығуының алдын алды

Құрманғазы ауданында балықтардың тыныс алуы үшін арнайы үкілер ойылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы ser-per.kz сайты жазады. Қыс келгенде табиғат пайдаланушылар айдындарда мұздарды оюмен айналысып, су маржанының ауа жетпей тұншығуының алдын алады. Әсіресе, біздің өзен-көлдерде жүзетін алабұға, шортан, қойбалық секілді су маржандары өттегінің жетіспеушілігіне ең сезімтал болып келеді. «Каспий-Балық» өндірістік кооперативінде лайықты жалғасын тауып, табиғи байлығымыздың молаюына өз үлестерін қосудамыз. Кооператив жанынан құралған бригада мүшелері ойықтарды күн сайын «Песок», «Ягодка», «Бахыт», «Булгачный» учаскелерінен оюмен айналысады. Бригада басшысы жұмыстың сапалы атқарылуын үнемі бақылауда ұстайды. Түрлі қажетті құралдарды пайдаланған жігіттер мұз қатқаннан бері күні бүгінгі дейін  5 үкі, 2 ойық, бағалы балық-байлығымыздың су астында тұншығып қалмай еркін өсуіне тиімді жағдай туғызды. Бұл уақытта мұздың қалындығы 15-20 см, аралығынды болған. ойықтарға байқасусызда адам, жан-жануар түсіп кетпеуі үшін қоршаланып,сақтық белгелері де қойылды.