Балықшы мөлтек ауданы Құнанбаев көшесінде орналасқан кәріздік сорғы стансасының ескіруіне байланысты қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінде нысан бұзылып, жерасты бөлшектеу және тазалау жүріп жатыр.
Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ресми өкілі Амангүл Айтбайдың айтуынша, жаңартудан кейін су бұру сапасы орнатылады.
- Жұмыстар маусымда басталды. Ескі нысанның орнына арнайы модульдік блокты ғимарат орнатылатын болады. Үш заманауи суасты сорғысы қондырылып, шахта іші тазаланған соң арнайы пластикпен қапталады. Қайта жаңғырту жыл аяғына дейін тәмәмдалуы тиіс,-деді А.Айтбай.
Айта кетейік, басқарма тапсырысымен тоғыз кәріздік сорғы стансасына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.