Балықшы және Алмагүлде саябақтар жөнделуде

Бүгінде Балықшы және Алмагүл ықшамауданында орналасқан саябақтарға жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Атыру қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Саябақтың ағымдық жөндеуін "Данас и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда.Аталған жұмыстар барысында қоршауларды сырлау, төсем тастарды ауыстыру, заманауи көше жарық шамдарын орнату, балалар ойын алаңдарын,воркаут орнату.Сондай-ақ,отырғыштар және қоқыш жәшіктерін орнату қарастырылған.

Құрылыс жұмыстарын жыл аяғына дейін толықтай аяқтау жоспарлануда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ