Балабақшаның терезесінен кіріп, ұрлыққа түсті (+ВИДЕО)
Атырау қаласында 20 шілдеге қараған түні белгісіз адам балабақшалардың біріне ұрлыққа түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ашық тұрған пластикалық терезе арқылы кірген ол екі ноутбукті қолды қылды. Атырау қалалық №1 полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 1988 жылы туған күдіктіні ұстады. Одан қылмысты айғақтайтын зат тәркіленді.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге акпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Себебі, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі занды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі» дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулет.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ