Бүгінгі Атырау (Фоторепортаж)

Атырау қаласында ақпан айының басында екі күн қатарынан толассыз жауған жаңбыр мен қардың салдарынан шаһардың біраз аумағын су басты. Мамандардың айтуынша, 5 және 6 ақпан күндері жауған жауын-шашын бір айлық мөлшерден көп болды. Бұл коммуналды қызметкерлерге қолайсыздықтар туғызып, ал халықты әбігерге салды. Арнайы жұмылдырылған техника күні-түні су сорғылау жұмыстарымен айналысты. Бірақ қаланың бүгінгі көрінісі көңіл көншітпейді. 

Қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпараты бойынша осы күнге дейін шаһардан 20 мың текше метр су сыртқа шығарылыпты.

Қазір 107 техника қар тазалау және су сорғылау жұмыстарымен айналысып жатыр екен. 

Дегенмен, қаланың бүгінгі сиқы мынау. Ашынған халық Атырауды Венецияға теңеп жатыр.

Назарларыңызға фоторепортажды ұсынамыз.

Эльмира Мықтыбаева 

Фотоны түсірген Э.Мықтыбаева. Соңғы 3 фото әлеуметтік желіден алынды.