Салтанатты іс-шараға "Батыс" өңірлік әскерлері қолбасшысының орынбасары, әскери бөлім командирлері және ауған соғысы ардагерлері мен "Сармат" әскери мектеп-лицейінің оқушылары қатысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №292 бұйрығына толықтыру енгізіліп, 12 қыркүйек – жергілікті әскери басқару органдарының күні болып белгіленген болатын.
Шарада "Батыс" өңірлгі әскерлері қолбасшысының орынбасары Елдос Бозгулов әріптестерін мерекемен құттықтап, әскери басқару органдарының қорғаныс саласына қосқан үлесін айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
- Бүгінгі мерекемен баршаңызды құттықтаймын. Әскери қызметшілер еңбектеріңізге табыс, жанұяларыңызға бақыт тілейміз, күндеріңіз көркем болсын! Ұлан-ғайыр даламыздың тыныштығы мен халқымыздың бірлігі бекем, елдің қорғанысы мықты болсын, - деді Е. Бозгулов.
Сондай-ақ, Атырау облысының жергілікті әскери басқару органдарының офицерлері, қызметкерлері мен сержанттары Алғыс хаттармен мараппатталды.