Қазақстанның бірнеше қаласында күннің күрт суытуына байланысты мектеп оқушыларының сабақтары тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Семейде ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін сабақ қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Қарағандыда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы студенттердің сабақтары қашықтан оқыту форматына көшірілуде.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай қаласындағы 1 ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері бірінші ауысымдағы онлайн оқыту форматына көшірілді.
Астанада бірінші ауысымдағы мектеп пен колледж оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.
Шығыс Қазақстан облысында қатты аязға байланысты сабақтар қашықтан оқыту форматына көшірілді:
Фото: AtyrauPress