Бүгін Атыраудағы "Тұрғын үй қалашығы - Авангард" көпірі жабылады

Бұл туралы AtyrauPress тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

- «Тұрғын үй қалашығы - Авангард» көпірінің бір жақ бөлігі ағымдық жөндеу жұмыстарына байланысты 29 ақпан сағат 15:00 ден бастап, 5 наурызға дейін жабылады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада. 

Жөндеу жұмыстары кезінде көлік жүргізушілері бір жолақпен екі бағытқа қарай жүре алады.  

Эльмира Мықтыбаева