Бүгін Атырауда су да, жарық та болмайды

Бүгін, яғни, 5 маусымда сағат 10-18.00 аралығында қалада салқын су тоқтатылмақ, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы «Атырау облысы Су Арнасы» кәсіпорны мәлім етті. Бұл құбырларды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына байланысты туындап отыр.
Су тыйылатын мекен-жайлар:
- Облыстық офтальмологиялық аурухана;
- "Құлыншақ" балабақшасы;
- Ақботин,Байжігітов, Бейбітшілік, білге Қаған, Ғұбашев, Сүйінбай жырау, Жазықбаев, Қожақаев, Әшімов, Қалдаяқов, Күлтегін, Мәсәлімов, Орал, Аманшин, Момышұлы, Рысқұлбеков, Жүнісов, Полковников көшелері.
Сондай-ақ, «Атырау Жарық» АҚ да 5 маусымда жарықтың ажыратылатынын хабарлады. Бұл да күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты. Атап айтқанда, Ракуша, Боқашев, Неверов, Огородная, Мұнайшы, Амандосов, Авангард, Владимирский, Ерниязов, Вокзал маңы, Азаттық, Сары-арқа, Тайманов, Алмалы мекен-жайларында жарық болмайды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ