Бүгін Атырауда қайғылы жағдай орын алды...

Жол-көлік оқиғасының жаға ұстатар видеосы желіде тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"18 сәуір күні сағат 07:30 шамасында Атырау-Орал тасжолы тұсында маркасы КамАЗ және Toyota Camry автокөліктері соқтығысып,  жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан жеңіл көліктің 1998 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда" делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ