Бүгін Атырауда ауа сапасы нашар болады

«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды AtyrauPress BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

22 қыркүйекте Атырау, Ақтөбе, Ақтау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.