Бүгін Атырау қаласындағы кейбір көшеде жарық болмайды

26 қаңтар күні Атырау қаласының 6 көшесінде электр энергиясы өшіріледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі «Атырау Жарық» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін  электр желісіндегі авариялық жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мақсатында қаланың бірқатар көшелерінде жарық болмайды.

Атап айтқанда: сағат 10.00 -17.30 аралығында Бірлік ауылындағы Қорқыт ата, Н.Сүгірұлы, Ш.Жарылғасұлы, Бекет ата, Сыдиков, Сейтек күйші көшелерінде жарық сөндіріледі.

«Атырау Жарық» АҚ-ның өкілдері тұрғындардан  уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Мира Нұртаева