Атырау облысында 150 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады, оның 15 977-сі 1 сыныпқа қабылданғандар, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыста барлығы 244 мектеп бар. Жыл соңына дейін тағы 3 мектептің құрылысы аяқталып қолданысқа беріледі деп күтілуде.
"Білім беру ұйымдары модификацияланған кабинеттермен 100% қамтылған. Жыл сайын 25 мектептің кабинеті жаңартылып отырады. 2024-2025 оқу жылында 25 мектепке 64 кабинет сатып алу жоспарланған",-деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов.