Атыраудағы Азаттық даңғылы бойындағы көлік қозғалысы қайта жөндеуден кейін толық ашылды, деп хабарлайды AtyrauPress.kz.
«Биылғы жылға жоспарланған реконструкция жұмыстары аяқталды. Бүгінгі күні 705 метр жол салынды. Жол төсемі 4 жолақтан тұрады, жүріс бөлігінің ені 15,5 м. Жолдың екі жағына жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған», - деп хабарлады «АтырауИнжСтрой» ЖШС баспасөз қызметі.
Бұл аумақтағы жол құрылысы 2022 жылдың 1 маусымында басталды.
Осымен Азаттық даңғылының қайта жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ. Келер жылы қаржы бөлінсе, құрылыс жұмыстары Балықшы шағынауданы тұсына қарай жалғаспақ.