Азаттық даңғылындағы жол-құрылыс жұмыстары жалғасуда

Атырау қаласындағы Азаттық даңғылының уақытша жабық учаскесінде қазіргі уақытта соңғы асфальт жабындысы – тығыздалған ірі түйірлі асфальтбетон (ЩМА) төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аталған жұмыстарды мердігер ұйым — «Достық СпецТранс» ЖШС жүзеге асыруда. Жол төсемесін жаңарту жұмыстары аяқталған соң, даңғылдың жабық бөлігі жақын арада қайта ашылады. Қалған құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

"Жол қозғалысының қауіпсіздігі мен сапалы инфрақұрылым қалыптастыру – басты басымдықтардың бірі. Осыған орай қала тұрғындарының уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауын сұраймыз" дейді қалалық әкімдіктегі мамандар.

Амандық АБДОЛ