Белгілі күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева атыраулықтарды Домбыра күнімен құттықтады деп хабарлайды ATPress.kz.
"Қазақтың қазақтығын, ұлттығын дәріптейтін һәм насихаттайтын - өзімен бірге жасап келе жатқан домбырасы. Ендеше, қадірлі жерлестер, Домбыра күні құтты болсын. Әрбір шаңырақта домбыраның үні естіліп, сол үн құлағымызда, жүрегімізде сақталсын. Қазақ бар жерде домбыра бар. Сондықтан домбырамыз халқымызбен бірге мәңгі жасай берсін!" деді атыраулықтарға ыстық сәлемін жолдаған өнер иесі.
Айта кетейік, елімізде шілде айының бірінші жексенбісі Домбыра күні болып белгіленген.