Айгүл Иманбаева Атырауда тегін концерт беруде (+ВИДЕО)

Дамбы ауылдық округінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Айгүл Иманбаеваның «Достарым» атты сазды бағдарламасы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫ ЖЕРДЕ!

Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған кеш қала күніне орайластырылған.

Шара барысында өнер жұлдызы ауыл тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлап, халық жүрегінен орын алған әндерді жанды дауыста көрерменге ұсынып, көпшілік қошеметіне бөленді. Ал, аяулы әнші қызын ардақтай келген жұртшылық ыстық ықыластарын жеткізіп, алған әсерлерін жасырмады. Бірі – қосыла ән шырқаса, енді бірі гүл шоқтарын тарту етті. Айта кетейік, аталған шара 3-7 қазан аралығында қалаға қарасты әр ауылдық округте өтеді.