"Аялдамада автобусты сағаттап күтеміз..."

Атыраулықтар №5, 50, 51, 58 «а» автобустардың «сағызша созылып» жүретініне наразы, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Айтуларынша, аялдамада сағаттап күтуге тура келеді екен. Сөйтсек, мұның да өз себебі бар екен.

«Жасыратыны жоқ, қазір жүргізушілер жетіспейді. Әрі, қатты суық күндері көліктер жиі бұзылып жатты. Оның үстіне, бұрын бұл автобустар қала ішіне кірмейтін еді. Кейін тұрғындардың сұрауы бойынша шаһарға кіретіндей мүмкіндік жасадық. Кейде арадағы уақыт интервалының ұзарып кететіні соның әсерінен болса керек» дейді А.Аронұлы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ